Құрылыс секторындағы шағын бизнес үлесі 1,7 пайызға төмендеген

1087

Құрылыс секторындағы шағын бизнес үлесі 1,7 пайызға төмендеген

Құрылыс – шағын бизнес үшін ең қиын сектор. Елімізде тіркелген 56 мың компанияның 12 мыңы ғана шын  мәнінде жұмыс істейді, деп хабарлайды abctv.kz.

Еnergyprom.kz мәліметіне сүйенсек, тіркелген шағын компаниялар саны 2017 жылы 29 мыңға артқан. Соның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрғаны - 9 мың ғана.  
Шағын бизнес үшін ең тұрақты сектор мемлекеттік басқару болып отыр. Елімізде тіркелген 9 мың ұйымның - 8,6 мыңы , яғни 95 пайызы белсенді жұмыс істейді.  
Білім секторындағы шағын бизнестің - 71 пайызы, жылжымайтын мүлік секторындағы компаниялардың -  49 пайызы, денсаулық саласындағылардың 48 пайызы тұрақты жұмыс жасауда.  Аталған салаларда мемлекеттік кәсіпорындардың деңгейі басым, ал бәсекелестік төмен. 
Ал қалған 20 саланың 5-еуінде жұмыс жасап жүрген компаниялардың үлесі 30 пайыздан төмен.
Құрылыс пен саудада бәсекелестік жоғары – 22 және 25 пайыз. 

Қызмет көрсету секторында бәсекелестік қатты. Соңғы кезде туризмдегі бизнес те алға жылжып келеді. Тамақтану және қоналқы жер ұсыну қызметі төңірегінде жұмыс істейтін компаниялар 19 пайызға көбейген. 
Өзге қызмет секторларында белсенді компаниялар саны 17 пайызға артқан.  Ақпарат пен байланыста да 14 пайызға өсім байқалады.
Шағын бизнес үшін ең қиын сектор құрылыс болып отыр. Бұл салада жұмыс жасайтын компаниялар саны 1,7 пайызға төмендеп кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу