Қаланың Оңтүстік-шығыс ауданында ине шаншыр жер жоқ. Бірақ, соған қарамастан, құрылыс компаниялары көпқабатты үйлерді салуға дәл осы жерге құмартып отыр. Тұрғындардың сөзінше, коммуникациясы бар жерден жаңа баспана салу мердігерлер үшін, өте тиімді және шығынсыз. Сондықтан, үй арасындағы қашықтық нормасын сақтамастан, көп қабатты нысандар бой көтеруде. Салдарынан, тынысымыз тарылды деген жұрт балаларын далаға ойнатпақ түгілі, көліктерін қоятын жер таппай әлек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу