ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға - 4,9%, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 5%, машиналар мен жабдықтарға – 4%, өзге де жұмыстар мен шығындарға 5,8%-ға өсті.
Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялардың бағасының өсімі 0,7% құрады.
2018 жылдың I тоқсанында құрылыс ерітінділер бағасы - 2,1% қымбаттады. Ал баға құмға – 1,6%, жазық илекке – 1,2%, құбырларға – 0,8%, бояулар мен эмальдарға – 0,7%, кірпішке – 0,5%-ға өсті.
Ғаныш картон - 0,8%, портландцемент – 0,5%, шағыл 0,4%-ға арзандады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу