Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс сараптама жүргізу тәртібі бекітілмек

116

Бұйрық жобасы қоғам талқылауына шығарылды.

Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс сараптама жүргізу тәртібі бекітілмек Фото: shutterstock

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс жобаларына жүргізілетін тәуелсіз кешенді сараптама мен қала құрылысы жобаларына арналған сараптама құнын анықтау қағидаларын бекітуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат ҚР Құрылыс кодексінің 24-бабы 27) тармақшасына сәйкес әзірленген. Аталған қағидалар құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама мен қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібін регламенттейді.

"Атап айтқанда, қағидаларда құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүзеге асыру көзделген", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Өнеркәсіп және құрылыс министрі бұйрығының жобасы аталған қағидаларды бекіту мақсатында әзірленгені көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу