Құрылыс жұмыстары енді бейнебақылау камералары арқылы қадағаланады

407

Бюджет қаражатына қандай да бір нысан салуды көздеген компаниялар бейнекамералар орнатуға міндеттеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Құрылыс жұмыстары енді бейнебақылау камералары арқылы қадағаланады Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Құрылысшылардың жұмысын тексеріп отыру, құрылыс барысын бағамдау тапсырыс беруші мекемеге жүктеледі. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев айтты.

Ақтөбе өңірінде құрылысы ұзаққа созылған 13 нысан бар. Оның үшеуіне — Бадамша спорт кешені, Терісаққан, Шилісай мектептеріне бейнекамера орнатылған. Ал, "Батыс" спорт кешені, Ащысай, Темір-мост, Жарма мектептеріне құрылғылар енді қондырылып жатыр. Төрт нысанға камера мүлдем орнатылмаған. Себебі, ол ғимараттардың құрылысын жүргізуді әзірге ешбір компания мойнына алмады.

"2024 жылға 27 нысанға құрылыс жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланды. Аталған нысандардың барлығына да бейнебақылау орнату қарастырылған. Биыл жыл соңына дейін 11 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда", — деді Аслан Жарасбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу