Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы еліміздің 19 өңірінде байқалды

284

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6% өсті.

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы еліміздің 19 өңірінде байқалды Фото: Inbusiness.kz

2023 жыл басынан бері (қаңтар-қыркүйек) құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4 707,6 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 12,6% артық. Құрылыстың 87,3% жеке компаниялар, 12,5% - шетелдік және 0,2% - мемлекеттік компаниялар тарапынан орындалған.

Ең жоғары өсім:

  • Маңғыстау облысы – 66,5%
  • Жетісу облысы – 64,6%
  • Абай облысы – 48%
  • БҚО – 41,9%

9 айда пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 289,4 мың м2 құрады. Оның негізгі үлесі – 85,4% тұрғын үйлер. Осылайша, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 11,6% ұлғайып, 11 697,9 мың м2 құрады.

Олардың ішінде:

  • 6 901,2 мың м2. – көп пәтерлі үйлер
  • 4 734,4 мың м2 – жеке үйлер
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу