Құрылыс жүргізу талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік күшеймек

455

Елімізде сейсмикалық қауіпсіздік пен құрылыс жүргізу талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік күшеймек.  

Құрылыс жүргізу талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік күшеймек Фото: LSM.kz

Заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастаманы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезектен тыс отырысында мәлімдеді. Жаңа ереже сейсмикалық мониторинг желісін кеңейту, жер сілкінісін болжау әдістерін жетілдіру және барлық елді мекендердің сейсмикалық қауіп-қатерін бағалауды міндеттейді.

Сондай-ақ, қауіпті өңірлерде құрылыс кезінде барлық нормалар мен ережелерді сақтауға сеп болады. Талаптарды күшейту табиғи апат салдарын барынша азайтады,- дейді министр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу