Құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлады

174

Түркістан облысының Түлкібас ауданында құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлады Фото: Видеодан скрин

Оқиға Т.Рысқұлов ауылындағы базар аумағында болған. 1969 жылы туған ер адам құрылыс алаңындағы тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға абайсызда құлап кеткен. Ол өздігінен шыға алмай қалған. Содан төтенше жағдай мамандары шақыртылды.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар зардап шеккен адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.

56 жастағы азаматтың құлауына құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу