Құрылысшылар одағы мемлекеттен қаржылай қолдау сұрайды

1174

Бірер айдан кейін елімізде құрылыс науқаны қыза түседі. Қолда бар ақпараттарға сенсек, құрылыс саласына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 425 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, әлеуметтік баспана құрылысына  42,8 млрд теңге ақша қарастырылған.

Құрылысшылар одағы мемлекеттен қаржылай қолдау сұрайды

Жалпы 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикадағы үй кезегінде тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесінде 548 мыңнан адам кезекте тұрғаны белгілі болды. Муниципалдық тұрғын үй қорынан баспана алғандардың саны 40 мыңға жуық азаматты құрайды.  Ал 2021 жылы әлеуметтік осал топқа елорда бойынша 10 мың, еліміз бойынша да біраз үй беріледі.

Қазіргі таңда үй салу үшін ең қажетті саналатын арматура бағасы, құрылысшылар одағының сөзінше, 40-55 пайызға қымбаттапты.

Одақ мүшелері Президенттен көмек сұрап отыр.

Құрылысшылар материалдардың  бағасы қымбат болуына байланысты жұмыстарын аяқтай алмауымыз мүмкін дейді. Бұл неге әкеп соғуы мүмкін? Мәселе Atameken Business-те талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу