"Атамекен" ҰКП мамандары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түсінік бере отырып, массасы рұқсат етілген көлемнен асатын жүк көліктерінің жүруін шектеумен келіспейтінін мәлімдейді. Массасы заңнамаға сәйкес рұқсат етілген шектен асатын жүк көліктеріне (самосвал) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерімен жүруге тыйым салынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz палата сайтына сілтеме жасап.
Келешекте бұл бастама тиімсіз болуы ықтимал. ҰКП мамандары заңға енгізуге ұсынылған түзету көлік тасымалдары мен жалпы құрылыс құнын күрт өсіріп жібереді деп санайды.
"Атамекен" ҰКП жанындағы құрылыс комитетінің позициясы енгізілмек шектеуге түбегейлі қарсы. Талқыланып жатқан бастаманы енгізу мақсатын түсінбестен оның бизнеске салдары қиын екені түсінікті болып отыр. Оның салдары нарықтағы жағдайы тұрақсыз құрылыс фирмаларына ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй бағасының өсуі, инфляциялық өзгерістердің толқыны, жұмыссыздықпен бетпе-бет келетін қарапайым азаматтарға да кері әсер етеді", – деп атап өтті "Атамекен" ҰКП Төралқасының құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының Ирина Манжанова.
Құрылыс саласының тұрғысынан қарайтын болсақ, инертті материалдарды жеткізу бағасының өсуі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін мердігерлер үшін де, үлестік құрылыстағы мердігерлер үшін де қиын салдарға әкелуі мүмкін.
"Мердігерлер көбіне бюджеттен қаржыландыруда шектелген. Енді олар жеткізу құнының айырмасын өз бетінше жабуға мәжбүр болады, өйткені инертті материалдар бағасының екі есе өсуі де қарастырылған сметамен жабылмайды. Үлестік құрылыс нарығының мердігерлері үшін бағаның мұндай өсуі сатып алу қабілетінің күрт төмендеуін білдіреді. Демек, объектілерде жұмыс тоқтап қалады, тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасын қайта қарауға тұра келіп, мақсатты аудитория жоғалады, үлкен шығындар мен мамандар кетіп қалады. Өкінішке қарай, ұзақ мерзімді перспективада ірі көліктердің жалпы жолдармен жүруіне тыйым салу бағаның өсуіне, ал көптеген шағын фирмалар үшін қаржылық дағдарыс төндіреді, көбі банкрот болады. Шығындарға тек құрылысшылар ғана емес, логистикалық компаниялар, тауар өндірушілер батады", – деп атап өтті Ирина Манжанова.
ҰКП мамандары шектеу енгізілсе, одан бір ғана нәтиже шығатынын – жүк тасымалының бағасы төрт есе өседі деп санайды. Бағалау тасымалданатын жүктердің қысқартылғанына қарай өсе береді. Егер Қазақстанда жүкті стандартты самосвалдарға қарағанда төрт есе шағын машиналармен ғана тасымалдауға рұқсат етілсе, тасымалдау құны тиісінше төрт есе көтеріледі.
"Бәрі айдай анық, тасымалдау құны өссе, тасымалданатын тауар құны да өседі. Өйткені тауар құнына логистикалық шығындар да кіреді. Осы бастамаға қатысты қисынды дәйек айтылмады. Сондықтан біз осындай қисынсыз түзетуді енгізудің мәні неде екенін түсінбей отырмыз. Бұл бастама бойынша қалалар төңірегі мен жалпыға ортақ қолданыстағы жолдарда массасы шағын жүк көліктері ғана жүруін ғана қарастырады", – деді Ирина Манжанова.
"Атамекен" ҚКП мәліметі бойынша бұл бастама үлкен көлемді 30 мыңнан аса жүк көлікті қозғалыссыз қалдырады. ҰКП мамандары шектеу енгілуі Президенттің жаңа көліктік инфрақұрылымдық жобаларды дамыту, тұрғын үй және жол салу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруды тоқтататады деп мәлімдейді.