Құрылыста жалданып жүріп, жарақат алған жасөспірімнің анасы биліктен көмек сұрады

906

Оқушыны жұмысқа алған жұмыс беруші әлі жауапқа тартылмаған.

Құрылыста жалданып жүріп, жарақат алған жасөспірімнің анасы биліктен көмек сұрады Фото: Максим Морозов

 

 

Жақында облыс әкімі Жеңіс Қасымбектен Теміртауда құрылыс жасап жүріп құлаған оқушының анасы көмек сұраған болатын. Аймақ басшысы денсаулық сақтау басқармасына басынан жарақат алған балаға жан-жақты медициналық қызмет көрсетуді тапсырғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Теміртауда қазан айында 15 жастағы жасөспірім құрылыс алаңындағы ғимараттың екінші қабатынан құлап жарақат алған. Бұғанасы қатпаған жасөспірім құрылыста жұмыс жасап анасына көмектеспек болған. Жұмысқа жалданған екінші күні құлап басынан жарақат алады. Жұмыс барысында баланың басында каска болмаған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға тіркелген күні қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Дегенмен оқушыны жұмысқа алған жұмыс беруші әлі жауапқа тартылмаған .

"Бұл мәселе менің ерекше бақылауымда, жағдай ескерусіз қалып қояды деп ойламаңыздар. Жақында ғана ZOOM жүйесі арқылы баланың анасы мен сөйлескен болатынмын. Сол кездесуге жұмыс беруші және басқа да жауапты тұлғалар қатысты. Мұнда мәселе көп, ең бірінші баланың денсаулығына қатысты мәселе. Мен оны емдеуге қатысты денсаулық сақтау басқармасы бастығына тікелей тапсырма бердім. Ал бұл мәселеге қатысты тексеру әлі жалғасып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады",– деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу