Құрылысты цифрландыруға инвестиция 3 есе өскен

947

2021 жылдың қаңтарында еліміздегі құрылыс саласындағы негізгі капиталға салынатын инвестиция 2 есе өсіп, 4,5 млрд теңгеге жеткен. 

Құрылысты цифрландыруға инвестиция 3 есе өскен

Әлемде жоғары технологиялар мен құрылысты цифрландыруға салынатын инвестиция 3 есе өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Инновациялық технологиялар дәуірінде цифрландыру барлық салаға еніп жатыр. Құрылыс та шетте қалған жоқ. 2014-2019 жылдары венчурлық капитал арқылы жобалау мен құрылыс технологияларына 25 млрд доллар бөлінген. Бұл алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда 3 есе көп (2009-2013 жылдары – 8 млрд доллар).

Сондай-ақ құрылыс технологиялары саласындағы венчурлық инвестицияның көлемі жалпы секторға қарағанда тез өсуде. Мысалы, 2019 жылы Construction Tech инвестициясы венчурлық капиталдың жалпы сегментіне қарағанда 15 есе артқан.

Заманауи технологияларды енгізу күрделі салымдарды талап етеді. 2017-2019 жылдары елімізде құрылыстағы негізгі капиталға салынатын инвестиция біртіндеп өскен. Бұл кезеңдегі жылдық өсудің орташа қарқыны – 24%. Алайда 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты күрделі салымдар сомасы 35,6%-ға немесе 80,1 млрд теңгеге дейін (2019 жылы бұл сома 124,4 млрд теңге болған)  азайған. 2021 жылдың қаңтарында (өткен жылмен салыстырғанда) бұл 2,3 есе өсіп, 4,5 млрд теңгеге жеткен.

Пандемия барлық саланы заманауи "ақылды" технологияларды игеруге мәжбүр еткен.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу