Құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды

422

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандар туралы айтты. 

Құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Біз 10 жылға жуық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған нысанды аяқтадық. "Алтын бұлақ" тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үйдің 5 блогы салынуы керек еді. Ал үлескерлер саны – 400-ге жуық отбасы", деп жазды Астана әкімі. 

Тұрғын үй кешенін өткізген кезде құрылысының 20 пайызы ғана аяқталған.

Осылайша, тұрғын үй кешенінде ауқымды жұмыс жүргізілді, себебі құрылысынан бөлек гараждарды сатып алу, инженерлік желілерді толықтай орнату, құжаттарды ретке келтіру және т.б. қажет болды.

Республика күні пәтер кілтін 2, 3, 4 блок үлескерлері алды.

"1 және 2 блоктарда жұмыс жүріп жатыр. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 4 мыңға жуық үлескер отбасы. Бұл үйлердің бір бөлігі салынып бітті.

Осыған дейін 12 мыңға жуық үлескер отбасының мәселесі шешілген болатын. Бұл – 120 тұрғын үй кешені.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу