Құрылысы 2018 жылы басталған Шымкент әуежайы пайдалануға қашан беріледі?

828

Қала әкімі құрылыстың ұзаққа созылуын пандемиямен байланыстырды.

Құрылысы 2018 жылы басталған Шымкент әуежайы пайдалануға қашан беріледі?

Шымкент қаласының халықаралық әуежайының құрылысы 2018 жылы басталып, 2020 жылы аяқталуы керек болған. Алайда нысан әлі пайдалануға берілген жоқ. Мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов елордада өткен брифингте әуежай құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Спикер құрылыстың ұзаққа созылуын пандемиямен байланыстырды.

"Әуежай – толықтай инвестициялық жоба. Оны инвестор өз қаражаты есебінен салып жатыр. Ал мемлекеттің қаражатына салынған көлік тұрағын эксплуатацияға бердік. Алдағы уақытта ол ақылы болмақ. Әуежайға баратын арнайы жолды салдық. Сондай-ақ біздің тарапымыздан әуежайға тартылатын инженерлік инфрақұрылымдық жұмыстар жалғасуда. Пандемияға байланысты экономика тұралап қалғандықтан инвестор объектіні өткізу уақытын кейінге шегерді. Бүгінде ол 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында барлық жұмыстарды аяқтауға уәде беріп отыр", – деді Мұрат Әйтенов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу