Құрылысы 6 жыл бұрын басталған ядролық медицина орталығы келер жылы ашылады

1384

Бұл орталықтың құрылысы 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталуға тиіс болатын. Кейіннен тапсыру мерзімі 2015 жылға дейін ұзартылды. Енді 2019 жылы ашылады деп күтілуде.

Құрылысы 6 жыл бұрын басталған ядролық медицина орталығы келер жылы ашылады

Осыдан алты жыл бұрын құрылыс жұмыстары басталған Семейдегі ядролық медицина орталығының іске қосылу уақыты қайтадан кейінге шегерілді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Көптеген дертті асқынбай тұрып анықтап, емдейтін бұл мекеме 2018 жылдың қазан айында ашылу керек болған екен, оған  6 млрд-қа жуық қаржы бөлінген. Бұл туралы былтыр жазда Семей қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР мәжіліс депутаттары арасында кеңінен талқыланған.

Бұл орталықтың құрылысы 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталуға тиіс болатын. Кейіннен тапсыру мерзімі 2015 жылға дейін ұзартылды. Енді 2019 жылы ашылады деп күтілуде.

Елімізде дәл осы орталық ашылғанша 300 адамның ауруы асқынып, көз жұмған. Осындай статистикалық ақпаратты Шығыс Қазақстан өңірлік онкологиялық диспансер директоры Марат Сандыбаев мәлім етіп отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда күніне 100-ге тарта тұрғыннан рак ауруының белгілері анықталып, жылына 16 мың адамдай көз жұмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу