Құрылысы аяқталмаған зауыт жылына қанша вакцина өндіреді?

792

Бұл сұрақтың жауабын денсаулық сақтау министрі Алексей Цой біледі екен. 

Құрылысы аяқталмаған зауыт жылына қанша вакцина өндіреді? Фото: primeminister.kz

Министр мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинге қазақстандық вакцина шығару үшін Жамбыл облысында салынып жатқан зауыттың жылына қанша 
млн доза QazVac вакцинасын өндіретінін баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"QazVac вакцинасы қашан, қандай көлемде қолжетімді болады?" – деп сұрады Нұрлан Нығматулин Алексей Цойдан. 

Министр мерзімнен мүдіргенмен, өндірілетін өнім санын "сақ" еткізді.  Оның айтуынша, Жамбыл облысында қазақстандық вакцина шығару үшін салынып жатқан зауыт жылына 60 млн доза QazVac вакцинасын өндіреді. 

"Ай сайын биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қазақстандық вакцинаның 50 мың дозасын алады. Көрсеткішті 100 мыңға дейін өсіреміз. Жамбыл облысындағы зауыт іске қосылғанда, жылына 60 млн доза QazVac вакцинасы өндірілетін болады", – деді денсаулық сақтау министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу