"Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС өкілетті ұйымы "Гарант" ТК объектісінің құрылысын аяқтауға конкурс жариялауға дайын, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның тұрғын ұй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі кезекті отырысында белгілі болды.
Бүгінге дейін "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС объектінің рентабельділігін орнату бойынша ұсынған барлық материалдары зерттеліп, ресми сайтта құрылысты аяқтау туралы бірлескен келісімшарт жарияланған болатын. Алайда "Гарант" ТК құрылысына конкурс жариялау үшін қазіргі таңда әлі қабылданбаған ТҚК жалпы жиыны қажет.
"Сіздердің объектілеріңіз бойынша барлық мәселе шешілді. Біз құрылысты аяқтайтын конкурсты жариялауға дайынбыз. Ол объектіні аяқтайтын қаржы да бар", - деді ВАК төрағасы Сергей Хорошун.
Сонымен бірге, ВАК мүшелері 8 проблемалы үлестік құрылыс объектісін қарады: "Көктал" – "Жаңа Көктал" ТҚК, "Жеті Жол" ТК – "Жеті Жол Успех" ТҚК, "Гарант" ТК – "Гарант Успех" ТҚК, "Араби-2" ТК – "Араби-2" ТҚК, "Акерке-2" ТК, "PARASAT" (Аниса 2, 3) ТК – "Наш дом Аниса-2" ТҚК, "Столичный-2" ТК – "Феникс Столичный" ТҚК, "Гранитный-1" ТК – "Имбейс" ТҚК.
"PARASAT" (Аниса 2, 3) және "Көктал" ТК аяқталмай қалған объектілерге қатысты инвесторларды тарту жәрмеңкесі сәтті аяқталды. Қазіргі таңда "PARASAT" (Аниса 2, 3) ТК жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша "ADS строй+" ЖШС мен "Көктал" ТК "Tau project" ЖШС объектісінің құрылысы аяқталуға жақын қалды. ВАК мүшелері жобалаушы компаниясымен бірге "Tau project" ЖШС-мен келісімшарт қорытындысы туралы бекітіп, 15 тамызға дейін төлем жасауды шешті.
Сонымен қатар, Астана қҚалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше "Аниса-2" объекстісінде 5 қабатты кіреберіске екі каркас 3-қабат деңгейіне дейін орнатылған.. 3-5 қабатты кіреберіске 7-ші қабаттағы деңгей, ал "Аниса-3" цокольді этажға дейін 3 кіреберіс, 1-ші кіреберіс 2-ші қабатқа дейін, 5-ші подъезд 1-ші қабатқа дейін орнатылған. "PARASAT" (Аниса 2, 3) ТҰ құрылысы шамамен 2020 жылы аяқталады.
Айта кетейік, отырыста басқа да проблемалы нысандарға қатысты қаралған құрылыс, құжаттарын рәсімдеуді дайындау жұмыстары, объектіні абаттандыру жоспарлы режимде жүргізілуде.