Құрылысы бұзылған үйдің маңында ойнаған бала құтқарылды

483

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Құрылысы бұзылған үйдің маңында ойнаған бала құтқарылды Фото: google

30 наурызда Жамбыл облысы, Қаратау қаласындағы құрылысы бұзылған ғимарат маңында ойнап жүрген кәмелет жасына толмаған баланың аяғы саңылауға қысылып қалған. Аяғын өздігінен шығара алмаған бала айқайлап анасын көмекке шақырған. Анасы да көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларды көмекке шақырған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына шұғыл жетіп, авариялық-құтқару құралдарының көмегімен баланы құтқарып, анасына табыстады. Анасы да өз кезегінде жедел әрекет еткен құтқарушыларға алғысын білдірді.

Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларыңызға сақ болыңыз, сондай-ақ қауіпті және қараусыз қалған жерлерде ойнауға жол бермеңіз, делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ өткен тәулік ішінде облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары Жаңатас қаласында және Шу ауданы, Қонаев ауылының маңында автокөліктегі өрттерді сөндіру жұмыстарына шыққан. Олар мұнан өзге қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасына 2 рет, тұрғын үйдегі түтінді тазарту жұмыстарына 1 рет, есік ашу жұмыстарына 1 рет шыққан.

Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратуды естен шығармай, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Ал өрт немесе төтенше жағдай туындағанда "101" және "112" телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу