Құрылысы ұзаққа созылған жол қолданысқа берілді

344

Мемлекеттен жолды жөндеуге 161 миллиард теңге қаржы бөлінген.

Құрылысы ұзаққа созылған жол қолданысқа берілді Фото: Inbusiness.kz

"Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолы көлік жүрісі үшін толықтай ашылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Құрылысы 6 жыл бұрын басталып, сағызша созылған жолдың бейнетін өңір халқы бірнеше жылдан бері тартып келген еді. Мемлекеттен жолды жөндеуге 161 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бірақ, Абай облысына қарасты 83 шақырымының құрылысы тым ұзаққа созылды. Енді мамандар 393 шақырым жерге түгелдей асфаль төселгендігін айтып отыр. Дегенмен жол қыс мезгілінде қатынас жеңіл болуы үшін ғана ашылған. Келер жылы бұл бағытта тағы 250 шақырымға асфальттің соңғы қабаты салынбақ. Жол сапасын тексеретін мамандар жұмысты қатаң бақылауда ұстайтындықтарын айтып отыр.

"Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" арасындағы жолдың ашылу себептері, қысқа дайындықтар жүріп жатыр. Келесі жылы әлі жалғасады. Бұл қабат, соңғы қабат болып табылмайды. Келесі жылы тағы бір асфальт-бетон үстіне салынады. Республикалық маңызы бар жолды біз қадағалаудамыз", - дейді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" сарапшысы  Дулат Асан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу