Құс етін өндірушілер ішкі нарықтың 58-ын ғана қамтып отыр

1056

77 млрд теңге басқа елдерге кетіп жатыр. 

Құс етін өндірушілер ішкі нарықтың 58-ын ғана қамтып отыр

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осылай деп мәлім етті. 

Министрдің мәлімдеуінше, тапшылық 2023 жылдың соңында жойылады. 
Мақсатқа жету барысында жаңа құс фабрикалары іске қосылып, қолданыстағы құс фабрикаларының қызметіне серпін беріледі. 

"Қазір құс еті бойынша өз өндірісіміздің көлемі ішкі нарық қажеттілігінің 58%-ын жабады. Ішкі нарықты толықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Отандық өндіріс есебінен құс еті импорты көлемін қысқарту ел экономикасында жыл сайын шамамен 177 млн АҚШ долларын немесе 77 млрд теңгені сақтап қалуға мүмкіндік береді, олар қазір валюталық түсім түрінде басқа елдерге кетіп жатыр", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің айтуынша, болашақта жалпы қуаты 285 мың тонна құс етін өндіретін 19 құс фабрикасы, оның ішінде биыл жалпы қуаты 70 мың тонна болатын 6 құс фабрикасы, 2021-2023 жылдары жалпы қуаты 215 мың тоннаны құрайтын 13 құс фабрикасы іске қосылады. 

"Жоғарыда аталған 13 инвестициялық жобаны іске асыру үшін қосымша 147 млрд теңге, оның ішінде 69 млрд теңге кредиттік ресурс қажет", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу