Құс фабрикалары өндірістік қуаттылығын 50 пайызға қысқартуға мәжбүр

1158

Құс фабрикалары өндірістік қуаттылығын 50 пайызға қысқартуға мәжбүр

Құс шаруашылығында қызмет ететін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігінен кәсіпорындар банкротқа ұшырауы мүмкін. Ал бұл жұмыс орындарының қысқаруы мен салық түсімдерінің азаюына, инвесторлардың салаға деген сенімінің жоғалуына, сондай-ақ, импортқа тәуелділіктің күшеюіне әсер етеді. Осы және өзге де мәселелер туралы Алматы облысы құс шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері Қазақстан баспасөз клубында өткен арнайы баспасөз мәжілісі кезінде мәлімдеді.

Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі таңда құс шаруашылығы қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр.

Құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар "тікелей" субсидиялар алынып тасталады, бұл субсидиялар кәсіпкерлерді қолдауға арналған басқа құралдарға, атап айтқанда, инвестициялық субсидияларға алмастырылуы мүмкін деген қауесеттерге байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр.

"Құс шаруашылығы басымдыққа ие емес сала болғандықтан және де Алматы облысының бюджетінде қаржы жетпегендіктен, Алматы облысының құс фабрикаларына үстіміздегі жылдың сәуірінен бастап субсидиялардің төленуі тоқтатылды. Осы тұста республикамыздың басқа облыстарындағы құс шаруашылықтары уақытылы түрде мемлекеттік қолдауға ие болып келеді. Қазір республика нарығында экономикалық теңсіз жағдай орын алып отыр. Сондай-ақ, құс еті мен жұмыртқасы бірінші кезекте қажет өнімдерге жататындықтан, бұл өнімдердің бағасын монополияға қарсы органдар қатаң қадағалап отырады, ал осы тұста жемшөп бағасы 30%-ға өскенін де ескеру қажет", - деп мәлімдеді "Көгер ЛТД" ЖШС құс фабикасының директоры Иванова Светлана Петровна.

Иванова ханымның айтуынша, облыстағы құс шаруашылығы өнімдері ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттілігінен айырылып отыр.  Осындай қиғаштықтың нәтижесінде облыстағы 7 құс шаруашылығы банкрот болды.

Құс фабрикалары өндірістік қуаттылығын 40-50%-ға азайтуға мәжбүр.

2018 жылға арналған бюджет пен қаржылық болжам субсидияны ескере отырып құрылғандықтан, қазіргі таңда қиын-қыстау жағдай орын алып отыр. Субсидия төлене ме, жоқ па, бұл жағы әлі түсініксіз.

Алматы облысы құс шаруашылығының өкілдері 2021 жылға дейін құс шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету аса қажет деп айтып отыр, өйткені осы кезең ішінде құс шаруашылықтары, әсіресе, жұмыртқамен айналысатын кәсіпорындар қарыздарын өтеп, шығынын жабатындай қауқары пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу