Құс фабрикаларында 41 мың тауық тұншығып өлді

1316

Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде 41 мың тауық оттегі жетіспей, тұншығып өлді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Құс фабрикаларында 41 мың тауық тұншығып өлді

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, құстардың қырылуына техникалық ақаудың салдарынан оттегі бөлінетін клапанның істен шығуы себеп. Оған қоса, ауа айналымының бұзылуынан іштегі температура да көтеріліп кеткен. Мыңдаған құстың өлімінің басқа да себебтерінің бар-жоғын анықтау үшін кұс тұмауына қатысты серологиялық талдау жасалып жатыр. Ал, фабриканың басқа бөлігінде орналасқан тауықтар аман. Айта кететіні, елімзде тірі тауықтың орташа құны 5000 теңге. Бұл дегеніміз құс фабрикасы 200 миллионға жуық шығын көрді деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу