Құс фабрикаларында ветеринариялық талаптар сақталмаған

848

Жұмыртқа бағытындағы 35 фабриканың екеуінен індет анықталды. 

Құс фабрикаларында ветеринариялық талаптар сақталмаған

АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов республика аумағында 64 құс фабрикасы жұмыс істейтінін айтады. Оның ішінде жұмыртқа бағытындағы 35 фабрика бар. Оның екеуінен құс тұмауы анықталды. Осы орайда кәсіпорындарға жүргізілген тексеріс қорытындысын жариялаған спикер біраз олқылықтардың анықталғанын жеткізді. 

"Жұмыс тобы тексеріс кезінде құс фабрикаларының иелері ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамайтынын, құс фабрикаларының аумағында мал азығына еркін қол жеткізе алатыны, мал дәрігерінің біліктілігінің сәйкессіздігі, жабайы және қоныс аударатын құстардың қатынасы бар екенін анықтаған. Құс шаруашылығы объектісі қызметінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі биологиялық қауіпсіздіктің кепілі болып табылады", – деді комитет төрағасының міндетін атқарушы. 

Қазіргі кезде әлемде құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр. 2020 жылдың қыркүйегінде жоғары патогенді құс тұмауы әлемнің 26 елінде анықталды. Тек көрші Ресей Федерациясында 1,57 млн қанатты қырылып қалған. Сондықтан 2020 жылдың 26 тамызынан бастап бұл елден Қазақстан Республикасының аумағына құс және құс еті өнімдерін әкелуге және транзитіне уақытша шектеулер енгізілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу