Құс тұмауы: 78 елді мекенде карантин енгізілді

620

Екі фабрикада 361 мың қанатты қырылып қалған. 

Құс тұмауы: 78 елді мекенде карантин енгізілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов елдегі эпизоотиялық жағдайға тоқталды. Оның сөзінше, құс тұмауы Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысындағы екі фабрикада және жеке аулаларда тіркелген. Келтірілген шығын көлемі 0,9%-ды құрайды. 

"Жалпы еліміздің 7 облысының 78 елді мекенінде карантин енгізілді. Екі құс өсіруші фабрикада жағдай тұрақталды. "Бескөл" ЖШС мен "Агроинтерптица" ЖШС-да індеттен жалпы саны 361 мың қанатты қырылып қалған. Ал жеке аулаларда 45 мың құс қырылды. Жалпы елімізде 44-46 млн-нан астам құс басы бар. Оның ішінде құс тұмауынан болған шығын көлемі 0,9%-ды құрайды", – деді Тұрсын Қабдолданов. 

Бұл ретте комитет төрағасының міндетін атқарушы фабрикаларда желдету шаралары жасалмауына байланысты асфиксиядан қырылған құстардың шығыны өтелмейтінін айтты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу