Құс тұмауы адамға жұға ма?

1582

Құс фабрикасының 400 қызметкері бақылауға алынды.

Құс тұмауы адамға жұға ма?

Қазіргі кезде көпшілікте Солтүстік Қазақстанда тіркелген құс тұмауы адам денсаулығына қауіпті ме деген үрей басым. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықтың көкейінде жүрген бұл сауалға Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев жауап берді. 

"Бірден айта кететін жайт, вирус адамнан адамға тарамайды. Індет жұқтырған құстардан адамдардың құс тұмауын жұқтыру жағдайы өте сирек кездеседі. Құс етінен немесе жұмыртқасынан адамға вирус жұққан жағдай тіпті тіркелмеген. Сондықтан бүгінде елімізде құс тұмауын жұқтырған бірде бір адам тіркелмеген", –деді комитет төрағасы. 

Осы орайда Тимур Сұлтанғазиевтің құс тұмауы көп тіркелген Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасында жұмыс істейтін адамдардың жағдайына тоқталды. 

"Қазіргі кезде бір-бірімен байланыста болған 400 адам бар. Олардың бәрі де құс фабрикасында еңбек етеді және бірден медициналық бақылауға алынды.  Олардың жағдайы жақсы", – деді ол. 

Елімізде құс тұмауының тіркелуіне байланысты Қазақстан аумағындағы сауда орындарында құс еті мен өніміне, бақылау күшейтілді. Ветеринарлық анықтамалар мен құжаттардың қатаң тексерілуде. 

Құралай Құдайберген

Фото: sxedu.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу