Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылына карантин енгізілді

775

Қазір карантин енгізілген елдімекендерде құстардың өлексесі жойылып, дезинфекция жүргізіліп жатыр. 

Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылына карантин енгізілді

Бұл туралы alau.kz хабарлайды. Ұлттық ветеринарлық-анықтамалық орталық диагнозды растаған. 

"Біз 21 мың доза вакцина алдық. Қазірдің өзінде 15 550 доза қолданылды, яғни құстарға вакцина жасалды. Қалғандары бүгінде аяқтайды. Карантин жарияланған Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня елдімекендерінде және жақын маңдағы  ауылдарда вакцинасы жүргізілуде ", – дейді Бауыржан Бекет Қостанай облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары.

Жекелеген аулаларда 220 құс өлген. Сондай-ақ, Арқалық құс фабрикасында да өлім фактілері бар деген ақпарат болды. Қазір онда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Құс тұмауы әлі расталмады. Өлген құстардың саны туралы нақты ақпарат жоқ.

"Бүгінде бұл құс фабрикасында эпизоотиялық жұмыстар жүргізілуде. Яғни, бұл құс қораларын, үй-жайларды тазарту, бүкіл аумақты дезинфекциялау ", - деді Қостанай облысының ветеринария басқармасының бастығы Самат Қалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу