Құс тұмауына байланысты Қазақстан Ресей импортына тыйым салды

636

Құс тұмауына байланысты Қазақстан Ресей импортына тыйым салды

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі ресейлік 36 құс фабрикасының өнімін ел аумағына кіргізбей қойды.

Осыған қатысты хабарлама таратқанда министрлік халықаралық эпизоотикалық бюро Ресей Федерациясының аумағынан құс тұмауы вирусын анықтағанын алға тартты.

"Ақпаратқа сәйкес, Ресейде эпизоотикалық жағдай қиындап кеткен. Жабайы құстар үдере көшіп, құс тұмауының таралуын өршіткен. Осыған орай құс өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ҚР ауылшаруашылығы министрлігі 2018 жылғы 21 маусымнан бастап ел аумағына Ресейден тірі құс пен жұмыртқа және құс етін енгізуге шектеу қойды", - деп хабарлады министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу