Құс тұмауына қарсы 7,7 млн доза вакцина аймақтарға таратылды

1021

1, 7 млн құсқа вакцина салынды. 

Құс тұмауына қарсы 7,7 млн доза вакцина аймақтарға таратылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов елде тараған құс тұмауына байланысты құстарға вакцина салынып жатқанын айтты.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес профилактикалық вакцинация қазір жалпы саны 2,36 млн басты құрайтын құс фабрикаларында және олардан қашықтықтағы 20 км болатын маңайындағы жеке шаруашылықтар мен 980 мың бас өсіріліп жатқан жабайы құстардың ұшу бағытында ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ, құс фабрикалары қолданыстағы ветеринариялық заңнаманың міндеттемелеріне сәйкес, вакцинацияларды дербес жүргізе алады. Ал бройлерлер 36-40 күн ғана қысқа өмір сүретініне байланысты вакциналанбайды. Өйткені тауықтар мен балапан жұмыртқалары құс фабрикаларынан алынады, онда аналық құстар тұмауға қарсы егіледі. Сонымен қатар, індет ошақтарын оқшаулау үшін қыркүйек айында республикалық резервтен 3,1 млн доза екпе бөлінді, ал осы аптаның соңында тағы 1,3 млн доза жеткізіледі. Жалпы 7,7 млн доза вакцина аймақтарға таратылып, 1185-тен астам ветеринария мамандары жұмылдырылды. Егу жұмыстары тегін әрі отандық вакцина қолданылып жатыр. Бүгінгі күні елдің 8 облысының 60 ауданындағы 636 елді мекендердің 424 ауылдық округтердегі 1 732 913 бас құс мәжбүрлі түрде вакцинацияланды",  – деді Тұрсын Қабдолданов.

Айта кетсек, статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша елдің ауыл шаруашылығында 46,7 млн құс бар. 31,4 млн құс фабрикаларда, 688 мың бас құс шаруа қожалықтарында болса, 14,7 млн бас жеке фермаларда өсірілуде.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу