Құс жолының қақ ортасынан белгісіз ғаламшар табылды

87

Бұл туралы Science журналындағы ғылыми мақалада айтылды.

Құс жолының қақ ортасынан белгісіз ғаламшар табылды Фото: gazeta.ru

Бұл аспан денесі Жерден 9900 жарық жылы қашықта және мерген шоқжұлдызында орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ашылуы ірі планеталар өте сирек жағдайда оларды тудырған жұлдыздық жүйелерден шығарылуы мүмкін екенін растады. 

Бұл жаңалықты OGLE жобасы аясында Варшава университеті обсерваториясының (Польша) директоры Анджей Удалски бастаған астрономдар тобы ашты.

Ғалымдар жақын және көзге көрінбейтін заттар тудыратын гравитациялық микролинзаларды іздеумен айналысқан. Астрономдар көбіне "жалған планеталар" деп аталатын өте күңгірт және суық аспан денелерін тапқан.

Олардың нақты қалай пайда болғаны және табиғаты анықталмады. Ғалымдардың бір бөлігі оларды күрделі гравитациялық өзара әрекеттесу нәтижесінде өздерінің жұлдыздық жүйелерінен тыс шығарылған үлкен ғаламшарлар деп атаса, басқа зерттеушілер салмағы өте аз "сәтсіз" жұлдыздар деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу