Алдымен Президент Түркияны туризм бойынша әлемде көш бастап тұрған елдің бірі деп есептейтінін жеткізді. Ол түрік компаниялары қазірдің өзінде Қазақстанның туризм индустриясын дамытуға қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтті. Мысалы, Түркістандағы Керуен-сарай, Rixos Aktau халықаралық конақ үйі, Tetys Blu паркі және басқа да нысандар.
"Туристік жобалар бойынша мемлекеттің қолдау шараларын алуға қойылатын қаржылық талап 10 есеге азайды. Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі жағалауының орасан зор туристік әлеуеті бар. Қонақ үйлер мен емдеу-сауықтыру кешендерін, демалыс орындарын салуға Каспийдегі "Інжу-маржан" шығанағының бойы өте қолайлы. Біз күш-жігерімізді біріктірсек, осы жерде Орталық Азияға туристер тартатын жаңа орталық құра аламыз", – деді Мемлекет басшысы Түркиядағы бизнес өкілдерінің басқосуында.