"Күшіміз бірлікте" акциясы жарияланды

244

Қазіргі уақытта барлық өңірде волонтерлердің фронт-офистерінің базасында волонтерлік штабтары құрылып, 20 мыңнан астам волонтерлер тартылды.

"Күшіміз бірлікте" акциясы жарияланды Фото: canva.com

Бүгін елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Волонтерлер де белсенді көмек көрсетіп жатыр. Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Министрлік Ұлттық волонтерлік желімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп "Күшіміз бірлікте" акциясын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта барлық өңірде волонтерлердің фронт-офистерінің базасында волонтерлік штабтары құрылып, 20 мыңнан астам волонтерлер тартылды. Бұл туралы ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Бірыңғай байланыс орталығы құрылды, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетуді мақсатында волонтерлерді үйлестіру және бөлу үшін аймақтық байланыс орталықтары құрылды.

Волонтерлердің өңірлік Төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

"Волонтерлер су басқан аумақтардан азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіліп, зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетіп, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуге сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмыстарына қатысуда. Сонымен қатар, әр өңірде медиаволонтерлер жұмыс істейді, олар өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы халықты хабардар етеді", - деді спикер.

Еліміздің 13 өңірінде гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды. Гуманитарлық көмек жинау алгоритмдерін түсіндіру үшін жедел топ құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу