"Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет"

799

Реформалардың мазмұны жан-жақты толығады.

"Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет"

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын ұстану аса маңызды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Саяси реформалар "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры",- деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың мазмұны жан-жақты толығатынын атап өтті. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз деді ол.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы", - деді Президент. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу