Күшті жер сілкінісінен кейін Филиппиндегі әуежай жабылды

397

Филиппиндегі Лаоаг халықаралық әуежайы бұзылды.  

Күшті жер сілкінісінен кейін Филиппиндегі әуежай жабылды Фото: news.abc-cbn

Оған солтүстік-батыс бөлігіндегі қатты жер асты дүмпулері себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Жер сілкінісі сәрсенбіге қараған түні болды. Магнитудасы 6,4 құрады. Жер сілкінісі Филиппиннің солтүстігіндегі Лузон аймағында, ел астанасы Манилада қатты сезілді", - делінген хабарламада.

Кем дегенде 30 адам зардап шекті, сонымен қатар бірқатар ғимараттарға зақым келгені туралы хабарланды. Солтүстік Илокос провинциясында аурухананың төбесі құлап, науқастар эвакуацияланды. Ал Кагаян провинциясының бірнеше қаласында тұрғындар электр қуатынсыз қалды.

Биыл жер сілкінісі екінші рет қайталанып отыр. Шілде айында Филиппиннің солтүстігінде 7 баллдық жер сілкінісі болып, бес адам қайтыс болды, ондаған адам зардап шекті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу