Күштік құрылым қызметкерлері Алматыда элиталық пәтерлерді алған: ІІМ түсінік берді

104

ҚР Ішкі істер министрлігі пәтерлерді алу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Күштік құрылым қызметкерлері Алматыда элиталық пәтерлерді алған: ІІМ түсінік берді Фото: ІІМ

Ішкі істер министрлігі "Esentai City" тұрғын үй кешеніндегі қымбат пәтерлердің күштік құрылым қызметкерлеріне берілгені туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде Алматыдағы элиталық пәтерлер күштік құрылымдарға өтеусіз негізде беріледі деген ақпарат тараған болатын. Ондағы мәліметке сәйкес, жылжымайтын мүлік ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің теңгерімінде болған және мемлекеттік аукцион сайтына шығарылған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны 3,2 млрд теңгеге бағаланған. 

ҚР Ішкі істер министрлігі бұл пәтерлерді алу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Аталған жылжымайтын мүлік нысандары ҚР Ішкі істер министрлігіне берілген жоқ және ішкі істер органдарының теңгерімінде тұрған жоқ. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ-нің құрылымдық бөлімшелері бұл пәтерлерді өз қарауына қабылдамаған, іс жүзінде пайдаланбайды және қызметтік немесе өзге де мақсаттар үшін пайдалануды жоспарлап отырған жоқ", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Министрлік ішкі істер органдары қымбат тұрғын үйлерді беру, пайдалану және күтіп ұстау мәселелерімен айналыспайтынын атап өтті.

"Бұл сұрақтар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының құзыретіне жатпайды", – делінген ІІМ жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу