"Күштік құрылымдардың мойынына қылмыс тағып жатыр"

3170

БАҚ пен әлеуметтік желіде сынға қалған депутаттар "Қасіретті қаңтар" оқиғасы туралы белсенді айта бастады. Кеше мәжілісмендер "үн қатса", бүгін сенаторлар да қалыспады. 

"Күштік құрылымдардың мойынына қылмыс тағып жатыр"

Депутат Ләззат Сүлеймен "Жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды бейбіт шерушілер ретінде көрсетуге тырысатындардың да саны көбейіп барады" деп мәлімдеді. Алайда кімдерді меңзегенін ашық айтпады.

"Ақпараттық кеңістікте осы мәселеге байланысты күштік құрылымдар мойынына қылмыс тағып жатыр, адам құқығы бұзылуда деген түрлі қарама-қайшы пікірлер айтылып жатыр", – дейді депутат.

Ол сөзінің соңында "әр факт жіті зерттеліп, тексеріле отырып, құқық қорғау органдарына жеткізілген және ұсталған адамдардың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етілуі керек. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық, әрі объективті болуы, барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті. Үкімет, қанды қасірет себептері мен салдарына қатысты терең әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, содырлар соққысы қайталанбайтындай, қазақша айтқанда енді "бет қаратпайтындай" шаралар қамтамасыз етілу қажет", – деді Үкімет басшысына жолдаған сауалында.

Ол халқымыздың басына төнген қиын кезеңде Премьер-Министр болған Әлихан Смайыловқа, үкімет мүшелеріне табыс пен абырой тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу