Құтқарушы "алғыс" алды

617

Бауырлас Түркия жеріне барып, қалтқысыз қызмет атқарып келген құтқарушы марапатталды. 

Құтқарушы "алғыс" алды Фото: azattyq-ruhy.kz

Бүгін Жанат Камерденов есімді төтеншеліктің кеудесіне "Алғыс" медалі тағылды. Еңбегімен елге сыйлы болған азамат Қазақстан халқы ассамблеясының мерекелік шарасы аясында құрметке бөленді. Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Түркияда 12 күн болған. Екінші лекпен Газиантепке барып, кейіннен Нурдагы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалысқан. Жанат серіктерімен бірге 3 адамның өмірін сақтап қалыпты.

"Бұл шын мәнінде Түркияға барып тер төккен және күнделікті қызметін адал атқарып, еңбегі елеусіз қалып жүрген барша құтқарушыларға көрсетілген құрмет деп білемін. Бүгінгі мерекеде ата-анама, әріптестеріме, маған әрдайым қолдау білдіретін жандарға алғыс білдіремін", деді Астана қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің бас құтқарушысы Жанат Камерденов.

Жиында Жанат секілді әр салада табанды еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар да марапатталды. Шараға арнайы келген Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұл мерекенің жыл өткен сайын мәні мен мазмұны тереңдеп, салдары мен сипаты, құндылығы артып келе жатқанын сөз етті. Сонымен қатар Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша жандарға алғысын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу