Солардың бірі Асқар Құсайыновтың отбасында ару қыз дүниеге келді. Асқар қайықпен перзентханадан жұбайымен және құндақтағы сәбиін алып шықты. Бұл оқиға көпшілікті тәнті етті. Ауылға тікелей жолдың болмауына байланысты жас босанған әйел өзеннен қайықпен өтуге мәжбүр болды. Отағасы жаңа туған қызы мен жұбайын жағадан гүл шоқтарымен қарсы алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл ҚР ТЖМ құтқарушыларының айрандай ұйыған отбасыларындағы жалғыз қуаныш емес. Маңғыстау облысы ТЖД алдын алу бөлімінің аға инженері Уәлихан Жұмабековтың ұлы дүниеге келді. Ол өзінің жаңа туған Мұхаммед есімді ұлын әлі жүздескен жоқ, бірақ су тасқынына қарсы күрес кезеңі аяқталғаннан кейін үйіне оралып, кішкентай батырын құшақтауды армандайды.