Құтқарушылар адасып кеткен екі шопанды тапты

443

Оқиға Қостанай облысы Амангелді ауданындағы далада жол үстінде болды.

Құтқарушылар адасып кеткен екі шопанды тапты Фото: aikyn.kz

17 сәуірде құтқарушылар "Нива" автокөлігімен жол шетінде қалып қойған ауыл тұрғындарына көмектесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде қалың қар түсіп, ауылдар арасындағы қозғалыс қиындаған.

"Қарасу ауылының тұрғындары Махат ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан дала тұрағына бет алды. Олар жұмысшыларға азық-түлік апарған еді. Сағат 05:45-те көлік қарлы боранда қалып қойды. Оларға көмекке Қарасу ауылынан жүк тиегіш шықты, ол да көп ұзамай қарда қалып қойды.

Кейін сағат 06:05-те Амангелді ауылының 26-ӨСБ қызметкерлері көмек туралы сигнал алып, жолаушыларға көмек көрсету үшін Махат ауылына барды", делінген хабарламада.

Құтқарушылар Махаттан 8 шақырым жерде жолаушылары бар "Нива" автокөлігін көріп, арқанның көмегімен көлікті жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп шығарды.

Сағат 09:45-те құтқарылған 6 азамат Махат ауылына аман-есен жеткізілді.

"Бұған дейін 16 сәуірде сағат 21:30-да Амангелді ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері НИВА-БРОНТО жол талғамайтын көлігімен 2 шопан іздеген еді.

17 сәуір күні сағат 01:30-да шопандар қыстаққа жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады", делінген ТЖМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу