Алматыдағы Сайран көлінен белгісіз ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Куәгерлердің айтуынша 31 мамыр сағат 17:30 шамасында 25-30 жастағы ер адам Сайран көліне суға түскен. Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары жедел іздестіру-сүңгуір жұмыстарын бастады. Іздестіру жұмыстары қараңғы түскенше жүргізілді. Таңғы сағат 08:30-дан бастап іздестіру-сүңгуір жұмыстары қайта басталып, қосымша ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның сүңгуірлері тартылды. Су тұнық болмағандықтан, астынан ештеңе көрінбей", – деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Алматы қаласы Құтқару қызметінің 4 сүңгіруі мен ҚР ТЖМ-ден 3 сүңгуір мен 2 қайық жұмылдырылды.
Айта кету керек аталған су айдынына шомылуға тыйым салынған. Өйткені оның толтырылуы 50% құрайды, арнайы белгілер жағада орнатылған.
Құралай Құдайберген