Құтқарушылар Балқаш көлінен екі балықшыны эвакуациялады

319

Екі азамат жағалаудан шамамен 15 шақырым қашықтықта қайықта болған.

Құтқарушылар Балқаш көлінен екі балықшыны эвакуациялады Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында, Мыңарал ауылы маңындағы Балқаш көлінде құтқарушылар екі балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Екі азамат жағалаудан шамамен 15 шақырым қашықтықта қайықта болған. Қайық қозғалтқышының істен шығуына байланысты олар өздігінен жағаға жете алмаған. Құтқарушылар оқиға орнынан екі балықшыны эвакуациялап, жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.

Құтқарушылар су айдынына шығар алдында қайықтың және қозғалтқыштың жарамдылығын тексеріп, құтқару кеудешелерін киіп, байланыс құралдарын өзімен бірге алып жүру қажеттігін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу