Құтқарушылар батпаққа батқан адамды алып шықты

114

Алматы қаласының Түрксіб ауданында Майлин көшесінің бойындағы көлде ер адамның батпаққа батып бара жатқаны туралы хабар түсті.  

Құтқарушылар батпаққа батқан адамды алып шықты Фото: Видеодан скриншот

Құтқару операциясын жүргізу үшін оқиға орнына ҚР ТЖМ РЖҚЖ-ның жедел тобы жіберілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, ер адамның көлдің батпақты бөлігінде тұрып қалғанын және өздігінен шыға алмай жатқанын анықтады.

Зардап шеккен азамат құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу