Құтқарушылар боранда қалған 6 адамды қауіпсіз жерге көшірді

568

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары боранда жолда қалған 6 адамды құтқарды. Оның екеуі - бала, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.  

Құтқарушылар боранда қалған 6 адамды қауіпсіз жерге көшірді Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Глубокое ауданындағы Сержиха мен Кіші Үбе өзендерінің түйіскен жеріндегі жолда "Ниссан Патрол" және "УАЗ" маркалы автокөліктер боранда жүре алмай қалған. Көліктерде барлығы 6 адам, оның ішінде екі бала болды.

"Құтқарушылар жолаушыларға жол талғамайтын "Трекол" көлігімен көмекке келді. Оларды қар құрсауынан эвакуациялап, Өскеменге жеткізді. Зардап шеккен ешкім жоқ Азаматтар демалыс орнынан шығып, үйлеріне қайтып бара жатқан жолда боранға тап болғандықтарын айтты", - делінген ақпаратта.

Осы ретте, облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына алыс жолға шығар алдында барынша абай болуға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде бірден "112" телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу