Құтқарушылар Бозжыра маңында балшыққа батқан 2 туристік автобусты шығарды

125

Құтқарушылар келген кезде автобустардың ішінде 50 адам болған.  

Құтқарушылар Бозжыра маңында балшыққа батқан 2 туристік автобусты шығарды Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында құтқарушылар Бозжыра шатқалы маңында балшыққа батып қалған туристерге көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы "Бозжыра" шатқалы маңында далалық жолда қолайсыз ауа райы салдарынан екі автобус батпаққа батып қалған.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді.

Арнайы техниканың көмегімен құтқарушылар көліктерді жолдың тазартылған бөлігіне шығарып, туристердің сапарын әрі қарай жалғастыруына жәрдем берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу