Құтқарушылар чехиялық туристерге көмек көрсетті

101

Чехия Республикасының 3 азаматын құтқару операциясы сәтті аяқталды.    

Құтқарушылар чехиялық туристерге көмек көрсетті Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ШҚО құтқарушылары Белуха тауының етегіне көтеріліп, жерге түсе алмаған туристерді құтқарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олардың орналасқан жері геолокация арқылы анықталып, байланыс үздіксіз жүргізілді.

ТЖМ құтқарушылары мен Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлерінен құралған бірлескен топ қиын таулы жағдайды еңсере отырып, туристерді болжамды тұрған жері теңіз деңгейінен шамамен 2000 метр биіктіктегі Көккөл тау көлінің маңында тауып, Язево өзенінде орналасқан лагерге жеткізілді.

Құтқарушылардың кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында құрамында Чехия республикасының 3 азаматын құтқару операциясы сәтті аяқталды.

ТЖМ тауға немесе жорыққа шыққанда міндетті түрде координаттарыңызды "112" қызметіне қалдыру қажет екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу