Құтқарушылар Көлсайда құлаған көлікті шығарып алды

102

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы облысының тауларында микроавтобусты жедел түрде шығарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Құтқарушылар Көлсайда құлаған көлікті шығарып алды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысында "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлап түсті.

"ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ қызметкерлері жақын маңда болып, гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде оқиға орнына жедел түрде араласты. Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралы қолжетімсіз аумақтан сәтті шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада. 

Құтқарушылар таулы жерлерде қозғалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу