Құтқарушылар өрттен 5 газ баллонын дер кезінде алып шықты

421

Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар өрттен 5 газ баллонын дер кезінде алып шықты Фото: canva

112 пультіне Қостанай қаласындағы саяжай қоғамдарының бірінде өрт болғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мансардалы жеке тұрғын үй мен саяжай үйі жанған. 

"Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері келді. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар өрт аймағынан көлемі 27 литр болатын төрт газ баллонын және көлемі 50 литр болатын бір газ баллонын сыртқа шығарды", – делінген хабарламада.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу