Бұл туралы inbusiness.kz Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылы 16 қарашада Астанада Момышұлы даңғылындағы 15 қабатты үйде өрт шығып, бес адам құтқарылған болатын. Сол кезде өрт сөндірушілердің бірі Асқар Забикулин өмірін қатерге тіге отырып, тұрғындарды құтқарып қалғанымен, өзі қатты күйік алып, 20 қарашада ауруханада көз жұмды.
Оның батыл, сауатты әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталды. Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін, азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулин Қазақстан Республикасының "І дәрежелі Айбын" мемлекеттік наградасымен марапатталды.
"Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады!", деді ТЖД өкілдері.
Іс-шара соңында Департамент бөлімшелерінің жеке құрамының жазғы нысанды киімін киюге жеке құрамның ұйымдастырылған ауысуы мақсатында саптық байқау өткізілді, оның қорытындысы бойынша қызметкерлер өздерінің толық дайындығын көрсетті. Астана қ. ТЖД бастығы Қ. Базарбаев саптық дағдылар деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін, сыртқы келбетін, киім нысанын, қызметтік куәліктердің, жеке нөмірлері бар жетондардың, ТЖД және Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының айырым белгілерінің болуын тексерді.
Сондай-ақ, 16 жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады. Департамент бастығы Қуанар Базарбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Аденов жас мамандарды ант қабылдауымен құттықтап, азаматтық қорғау органдары қатарындағы оңай емес еңбекте табыс тіледі.