Жаз мезгілінде облыс бойынша осындай 19-ға жуық демалыс орны жұмыс істейтін болады.
Қазір "Үміт" балалар үйінің балалары демалатын лагерде Ұлан ауданының ТЖ бөлімінің мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары "Қауіпсіздік эстафетасын" ұйымдастырды. Балалар төтенше жағдайлардағы мінез-құлық дағдылары мен ережелерін арттыру үшін кедергілерді жеңіп, өртті шартты түрде сөндірді. Ең есте қаларлық сәт – Хит есімді төрт аяқты құтқарушы лабрадормен танысу.
Іс-шара барысында балалар құтқарушыларға өздері салған плакаттарын таныстырып, қауіпсіздік ережелерінің алдын алуға шығармашылықпен қарады. Табиғи өрттердің алдын алуға және отпен күресуге арналған жұмыстар ерекше есте қалды. Сондай-ақ, балалар өздерінің қызықты жобаларымен Абай облысында орман өртін сөндірген барлық өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға алғыстарын білдірді.
"Барлық өрт сөндірушілер - нағыз батырлар. Олар біздің табиғатымызды сақтап, адамдарды өрттен қорғауға көмектесті", - деп атап өтті "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушісі Данил Войтенко.