Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды

147

Кеше кешке Шымбұлақ маңындағы тауда үш жасөспірім өз бетімен төмен түсе алмай қалған. 

Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Фото: ТЖМ

Алматы қаласы маңындағы Шымбұлақ шатқалында жартаста қалып қойған үш жасөспірімді Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман-есен эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Республикалық жедел-құтқару жасағының құрамы Медеу постынан дереу оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар координаталар бойынша тауға көтеріліп, арнайы альпинистік құралдардың көмегімен тік жартастардан жасөспірімдерді қауіпсіз жерге түсірді", – делінген ақпаратта.

Құтқарылғандар – 2007 жылы туған екі ұл және 2008 жылы туған бір қыз. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.

Кейін жасөспірімдер құтқару постына жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.

Құтқарушылар таулы жерлерге шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу