Құтқарушылар Ұлытаудағы қоқыс полигонындағы өртті сөндірді

283

Өрт 470 шаршы метр аумақта сөндірілді.  

Құтқарушылар Ұлытаудағы қоқыс полигонындағы өртті сөндірді Фото: Бейнежазбадан

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласынан 10 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына 20-ға жуық қызметкер мен 8 техника тартылды.

Қатты түтін өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан. Соған қарамастан, өрт 470 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу